Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша 23 жастағы AUDI автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, TOYOTA-мен соқтығысқан. Екі жүргізуші мен төрт жолаушы көз жұмды.  Тағы бес адам зардап шеккен.   Бұл іске қатысты тергеу басталды.

ЕРНАР САЙДИЛЬДИН. АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық әрекеттеріне қарамастан, медициналық мекемеде қайтыс болды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу жүргізілуде. Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.