Көлік жүйесін басқарудың тың жүйесі қажет.Әсіресе тау-кен өнеркәсібіндегі өнімді еселеп, экспортқа шығару үшін жаңа басқару моделі керек. Сарапшы Дархан Ахметов Президент Жолдауындағы бұл мәселенің өте өзекті екенін айтады. Қазақстан тұйық континентальды, яғни теңізге, мұхитқа шығатын тікелей жол жоқ.Сондықтан көлік жүйесін, темір жол, автомобиль жолдары, әуе қатынастарын дамыту ерекше маңызды.Жаңа жүйе бірнеше бағытты қамтуы тиіс. Логистикалық инфрақұрылым біртұтас жүйеге тоғысуы керек. Жаңа жүйе жүзеге асқан жағдайда бір ғана тау-кен өндірісінің әлеуеті арта түседі.Ал жаңа басқару жүйесі болмаса өнімді экспорттау мәселесі шешілмейді.
ДАРХАН АХМЕТОВ, САРАПШЫ:
Жасанды интелект жүйесін қолдану арқылы біз тау-кен өнеркәсібінің өнімділігін 30-40 пайызға асыра аламыз.Қазіргі кездің өзінде тау-кен кәсіпорындарының логистикалық көлік шығындарына 40 пайыз табысын жұмсап отыр.Әрине бізге жақсы оңтайландырылған жасанды интелектімен байланысқан жаңа көлік жүйесі өте қатты қажет.