Атырауда бес жыл бұрын пайдалануға берілген үй құлайын деп тұр. "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған баспанадан жыл өтпестен ақаулар шыққан. Тұрғындар төбесі ортасына түсе ме деп қауіптеніп отыр. «AMANAT» партиясы жанындағы Бақылау комиссия өкілдері Талғайран-2 ықшамауданына барып, мәселемен танысты.
Аманаттықтармен бірге шаһардағы құрылысқа жауапты мамандар мен мердігер компания өкілдері келді. Ай сайын жамап-жасқаудан шаршаған тұрғындар жарыса шағымын айтты. Айтуларынша, «Нұрлы жер» бағдарламасымен баспаналы болғандардың қуанышы көпке созылмаған. Тұрғындар қоныс тойын тойламас бұрын қабырғадағы жарықтарды байқай бастапты. Айналдырған бес жылда іргетасынан бастап, шатырына дейін сау тамтығы қалмады,- дейді. Енді төбе құлай ма деп, қонуға қорқып жүр.
АЙНҰР СӘРСЕНОВА, ТҰРҒЫН:
2021дің қысында уже төбе көктеді. Жазынан бастап жарыла берді. Қазақ үйде жарылады дейді ғой. Солай болар деп біз өзіміз жамай бердік жамап тұра бердік. 2023те сыртымыздан мынадай істеді, оны істегенде воовще ашылып кетті. Енді 4 еліден ашылып кетті. Біз қорқамыз, төбе сықырлайды. Газдың тұрбасы анау, канализациямыз екі үйдікі бірге.
Бұл ықшамауданда 60 пәтер бар, 80 отбасы тұрады. Құрылысқа бюджеттен 1 млрд 700 млн теңге бөлінген. Үйлерді үш құрылыс компаниясы салған. Мердігер мекеме өкілі жобалаушы компания ұсынған жоба бойынша құрылысты талапқа сай жүргізіп, тапсырдық- дейді.
ОЛЖАС СҰЛТАНОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:
Біздер тапсырғанда жарықтар болған жоқ. Бірақ 5 жылдан кейін жарықтар пайда болған кезде біздің компания 2 жыл бойы үйлерге ремонт жасап, өзінің жауапкершілігін көрсетті сол кезде. Мен ойлаймын су тасқыны кезінде жер астындағы су көп келіп, кетіп қалғаннан кейін мына жер босағаннан кейін одан да қатты отырды деп.
Бұл баспананы берер кезде тұрғындарды үй және жер кезегінен алып тастаған. Халықтың көпшілігі несиесін әлі күнге төлеп отыр. Барар жері болмағандықтан жаңа болса да тұруға қауіпті үйді жамаудан басқа амал таппайды. Тұрғындар шуынан соң қалалық әкімдікте жұмыс тобы құрылды.
АРНАТ ОҢДАСЫНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Оның ішінде 3інші тарап қаладағы белгілі эксперттер-сарапшылар, техникалық қадағалаушылар қосылған болатын. Және де қазір таңда мердігер мекемелердің толықтай инженерлік техникалық құжаттамаларына тексеріс жүргізілуде. Сараптамаға мекемесі мамандары кірісетін болады. Геология жүргізілетін болады.
НӘСІП ШАЛАБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ ЖАНЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
Өзімізбен бірге қалалық әкімдіктің құрылыс бөлімін, мердігер компания, жобалаушы компания, кезінде осы үйлерді жобалап салған солардың бәрін шақырып, өкілдерін тыңдап, айтып жатыр. Бідің міндетіміз күн тәртібінен түсірмей өзіміздің «AMANAT» партиясының бақылау комиссиясының отырысына шығарайын деп отырмыз.
Мамандар 60 пәтердің 48-інде түрлі проблема бар екендігін анықтаған. Енді құрылыс компаниясы өз қаражаты есебінен зерттеу жұмыстарын жүргізбек. Тұрғындармен келісе отырып, екі үйге жан-жақты сараптама жасалатын болды. Шешім нәтиже шыққан соң қабылданбақ.