Зеленский: «Біз сенетін ешкім қалмады»

АҚШ Николас Мадуроны картельдің басшысы және лаңкес деп таныды. Сарапшылар, бұл АҚШ әскеріне басып кіруге мүмкіндік беретін қадам дейді. Ал, Швейцарияда Украина мен АҚШ арасындағы келіссөздер сәтті өтуде. Еуропа елдерінің бастамасымен жоспар толығымен өзгертілуге әзір. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Венесуэла Президенті наркокартельдің басшысы деп танылды. Cartel de los Soles деп аталатын қылмыстық топты, тіпті, лаңкестер деп ресми айып та тақты. АҚШ әскері енді басып кіреді деген қауіппен бірнеше елдің әуе компанияларының рейстерін тоқтатты. Бірақ, Президент Николас Мадуро оны-мұны психологиялық шабуылдар әсер етпейді, - деп мәлім  етті.

НИКОЛАС МАДУРО, ВЕНЕСУЭЛА ПРЕЗИДЕНТІ:

Венесуэланы ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайды. Біз АҚШ бастаған психологиялық соғыста олардың өздерін тізе бүктірдік. Қорқуға негіз жоқ.

Швейцарияда Украина мен АҚШ делегациялары арасындағы келіссөз даумен басталғанына қарамастан, сәтті жалғасып жатыр. Кәрі құрлық елдерінің араласуымен, Украинаның мүддесі қорғалатын пункттар қосылды. Дегенмен, Зеленский толыққанды ешкімге сене алмай қалдық, - дейді.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз АҚШ билігімен, бізді құрдымға кетіретін емес, керісінше, күшейтетін шешім іздеу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ, соңғы жағдайларға қарағанда толық сенім арта алмаймыз. Қалай болғанда да, біржақты шешім қабылдауға жол бере алмаймыз.

Оңтүстік-Шығыс Азияда ғасыр бойы болмаған су тасқыны басталды. Вьетнамда 63 адам қаза тапқан. Ал, Таиланд алдын ала қимылдап, жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерген.