Павлодар облысында 500-ге жуық оқушы қашықтан білім алып жатыр

Фото: pixabay.com

Қазіргі уақытта облыс бойынша оқушылардың 16,8%-ы тұмау ауруларына шалдыққан немесе суық тидірген, деп хабарлайды Astana TV.

Павлодар облыстық білім беру басқармасы өңір мектептеріндегі эпидемиологиялық ахуал туралы кезекті ақпаратпен бөлісті. Басқарма мәліметінше, қазіргі уақытта 78 мектептің кейбір сыныптары үйден білім алып жатыр.

— Бүгінгі күні 78 мектептен жалпы саны 479 сыныптың оқушылары қашықтан білім алуға көшірілген. Қашықтан оқыту форматына ауысқандардың басым бөлігі Павлодар қаласында (248 сынып). Ал Екібастұз қаласында — 68, Ақсу қаласында — 45, Баянауыл ауданында — 25, Железин ауданында — 8, Тереңкөлде — 10, Успенде — 30, Павлодар ауданында — 29, ал мамандандырылған білім ұйымдарында 16 сыныптың оқушылары үйден оқып жатыр, — деп хабарлады өңірлік білім беру басқармасынан.