Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшенген бағамы 518,4 теңгені құрап, 1,52 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Astana TV.
Қазақстан Ұлттық банкінің 25 қарашаға арналған ресми доллар бағамы – 519,98 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орташа есеппен 518,7 теңгені, сату – 520,49 теңгені құрайды. Астанада долларды орташа сатып алу бағасы 517,46 теңге, сату бағасы – 522,46 теңге. Шымкентте долларды сатып алу орташа 518,31 теңге болса, сату – 520,35 теңге.