Елдің оңтүстігінде күн жылынады

Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМҚ күздің соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

— Биылғы күз қазақстандықтарды жылы ауа райымен қуантып отыр. Қараша айының соңына қарамастан, Қазақстанның оңтүстігінде жылы әрі күншуақты ауа райы сақталады, күндіз ауа температурасы +13…+18°С аралығында болжанады, — деп жазды Қазгидромет. 

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік өңірлерде жауын-шашын болады.

— Солтүстік-батыс циклоны республиканың солтүстік жартысы арқылы жылдам жылжи отырып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, желдің күшеюі және көктайғақ құбылыстарын әкеледі. Алайда температуралық фон біршама қолайлы болып сақталады: түнде –0…–5°С, күндіз 0…+5°С күтіледі, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазгидромет компаниясы алдағы қыс мезгіліне арналған ауа райының консультативтік болжамын ұсынды.