Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Сот сараптамалары орталығында болды және Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевпен кездесті. Кездесу барысында сот-сараптама қызметі саласындағы өзекті мәселелер қаралды.
Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров сапалы және әділ сот төрелігін қамтамасыз етуде сот-сараптама жүйесін жетілдіру аса маңызды екенін атап өтті.