«Бір дәрігерді соққыға жығу деген ол іс жүзінде мың қазақстандықты ем-домсыз қалдыру деген сөз», - А.Аймағамбетов

Бір дәрігерді соққыға жығу деген ол іс жүзінде мың қазақстандықты ем-домсыз қалдыру деген сөз. Мәжілісмен Асхат Аймағамбетов Қостанайда таяққа жығылған дәрігердің мәселесін көтерді.

Тәжірибелі уролог науқастарды қабылдаған. Аяқ астынан жанжал туындап, оған шабуыл жасалады. Дәрігердің бас сүйегі сынып, миына қан құйылып, ауыр жарақат алады. Ол 4 айға жұмыстан шығып қалады.

«Бір қарағанда, жалғыз адам зардап шеккендей көрінеді. Бірақ сандарға жүгінейік. Бұл маман ауырған 4 айдын ішінде 960 адамды емдер еді. Ойланып қараңыздаршы: мыңға жуық қарапайым азаматтар,осының кесірінен, білікті көмек ала алмай қалды, біреудің дерті асқынды, біреуге уақытылы ота жасалмады», - деді депутат.

Асхат Аймағамбетов жедел жәрдем бригадасының қауіпсіздігінде көтерді.

«Олар үйге кіреді. Агрессия басталады. Фельдшерді ғана емес, жүргізушіні де ұрады. Ал жедел жәрдем жүргізушісі деген кім? әсіресе әйелдәрігер болғанда, ол фельдшердің жалғыз қорғаушысы, олкөмекші де, тіпті тасушы рөлін де атқарады. Нәтижесінде,орташа жарақат, жүргізуші мен фельдшер 15 күнге ауруханаға түседі. Осы екі аптада, бұл бригада 120 шақыртуға баруы мүмкін еді. Әріптестер, біз мынаны анық түсінуіміз керек: жедел жәрдемге шабуыл жасау деген, бұл жай ғана төбелес емес. Мас бұзақы, жүргізушіні ұрған кезде, ол оны ғана ұрып жатқан жоқ. Ол көрші көшеде, тынысы тоқтап жатқан, дене қызуы көтеріліп, сол жәрдемді күтіп жатқан кішкентайбаланы ұрды. 

Яғни, бір бұзақының кесірінен,жедел жәрдемнің бір бригадасы, бір көлігіістен шығып қалды. Сондықтан осы жәрдемнің науқастарға жету уақыты ұзарды. Ал инфаркт пен инсульт кезінде есеп сағатпен емес, минутпен өлшенетінін жақсы білеміз. Сондықтан бұл – өмір мен өлім мәселесі», - деді депутат.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректері бойынша, соңғы бес жылда 280 шабуыл тіркелген. Шын мәнінде нақты дерек одан көп болуы мүмкін. Өйткені, медицина қызметкерлері көбінесе арызданбайды.

«AMANAT» партиясы өз бағдарламасында медицина қызметкерінің мәртебесін көтеруге уәде берген болатын. Сондықтаң бұл нормаларбіздің сайлаушылар алдындағы уәдеміздің орындалуы.

Жобада қандай шешімдер қарастырылуда?

Қылмыстық кодекске жаңа 380-3-бапты енгіземіз. Ол «медицина қызметкері» және «жедел медициналық жәрдем жүргізушісі» деген арнайы субъектіні белгілейді.

Скептиктерге бірден жауап берейін: біз жаңа ештеңе ойлап тауып отырған жоқпыз.

Қылмыстық кодексті ашып қарасақ. Бізде дәл осылай, ерекше мәртебемен ерекше қорғалатын бірқатар мамандықтар бар:

 Бұл – полицейлер, құтқарушылар, арнайы қызмет және құқық қорғау органдарының қызметкерлері (380-1-бап).

 Бұл – судьялар мен сот қызметкерлері, прокурорлар.

 Бұл – билік өкілдері: әкімдер, депутаттар, салық инспекторлары тағы басқа (380-бап).

Ал енді келесі қолданыстағы нормаға ерекше назар аударсақ – бұл егерьлер мен жануарлар инспекторларын қорғауға арналған жеке бап (380-2-бап).

Ойлап қараңыздаршы. Егер егерьге шабуыл жасаса, қылмыскер арнайы бап бойынша қазіргі уақытта қатаң жазаланады – ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Иә, бұл әділетті шешім.

Ал егер адамның өмірін арашалап жатқан реаниматолог-дәрігерге шабуыл жасалса, бұл жай ғана даладағы бұзақылық сияқты жалпы негізде тергеледі. Бұл әділетті ма? Жауапкершілік өте жүмсақ. Бұзақы кішігірім айппұлын төлеп, жайбірақат жүре береді.

Мұнда бір сұрақ туындайды. Сонда, мемлекет үшін дәрігердің өмірі мен пациенттердің денсаулығының маңызы осынша төмен ба?

Біз дәрігерлерді қорғау үшін ұсынған арнайы баптың диспозициясын, санкциялары және құрылымын егерьлерді қорғайтын баптағыдай қылып, тіпті сөзбе-сөз бердік.

Сәйкесінше, біз адамдардың өмірін құтқаратын ақ халатты жандарға да, дәл егерлерге берілгендей қорғау мен жауапкершілік тетіктерін енгізуді ұсынып отырмыз», - деді депутат.