"Парламенттік реформаға қатысты ұсыныстар бір жарым айда жинақталды",- А. Сарым

"Парламенттік реформа- маңызды қадам". Оған қатысты ұсыныстар  бір жарым айда жинақталған. Бір палаталы Парламент жобасын әзірлеу процесіне қатысты жұмыс тобының мүшесі, депутат Айдос Сарым осылай деді. Қазір топ құрамындағы депутаттар мен сарапшылар палаталық жүйені өзгерту процесінен өткен басқа унитарлы мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп жатыр. 2 желтоқсанда жұмыс тобының екінші отырысы өтеді деп жоспарланған. Онда бастапқы талдау қорытындыланып, жұмыс пен талқыланатын тақырыптардың, блоктардың нақты кестесі жасалады. Жыл ішінде жұмыс тобы Президентке ұсыныстар пакетін әзірлейді. 

АЙДОС САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ұсыныстар жиналды. Енді осының нәтижесінде нақты жұмысқа кірісеміз және өзі блок-блокқа бөлінетін болады. Бірінші кезекте мына мәселені талқылаймыз. Екінші кезекте мына мәселені талқылаймыз. Бәлкім Президентке қатысты өкілдіктер бар немесе үкіметке қатысты өкілдіктер бар. Сотқа қатысты деген сияқты әр қайссын кезек-кезек өтіп. Соның негізінде әр бағыт бойынша ұсынысчтар жинағаннан кейін Президентке нақты үлкен шешімдердің тізбегі беріледі.