Зеленский: «Украинаның келісімінсіз шешім қабылдануына жол бермейміз»

АҚШ пен Украина бейбіт жоспарды дайындау үстінде. Сонда да шикі келісімді АҚШ Президенті Ресейге жібермекші. Зеленский болса, бұл жоба бір аптада бітетін жұмыс емес екендігін ескертті. Екеуара Украина тағдырын шешуге жол бермейтінін мәлімдеді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трамп өзінің арнайы өкілдерін Ресейге жібереді. Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер бейбіт жоспарды Путинге таныстырмақ. АҚШ Президентінің айтуынша, жыл соңына дейін соғысты  толық аяқтауға мүмкіндік мол.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Келесі аптада Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Президент Путинмен кездеседі. Украина жеңіліп жатыр, күнде адамдарынан айырылып жатыр. Олар шаршады. Сондықтан, біздің шарттарымызға көнуден басқа амалдары жоқ.

Зеленский болса, АҚШ Президентінің сөздерін жоққа шығарды. Трамп бірінші менімен ақылдассын, - деп шорт кесті. Украина басшысының айтуынша, өзара келіссөздер аяқталмай жатып, бейбіт жоспарды Ресейге алып кету – нағыз қастық.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Соғыстың аяқталуы тек Украинаның келісімен жүзеге асады. Сонымен қатар, Еуропа елдерінің де мүдделері қамтылуы тиіс. Біз бұны айтып ауыз шаршады. Сондықтан, біздің сыртымыздан шешім қабылдануына жол бере алмаймыз.

Париждегі аты әлемге әйгілі Луврды тонаған тағы 4 адам ұсталды. Франция астанасының прокуратурасының айтуынша, олардың екеуі – ер адам, екеуі әйел. Бірақ, олардың ұрлықтағы рөлі тергеу құпиясына сәйкес жарияланбады.