"Әйелдер -қоғамның тұрақты дамуына үлкен үлес қосатын күш",- Ш. Каринова

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2025

Әйелдер – қоғамның тұрақты дамуына үлкен үлес қосатын күш. «AMANAT» партиясының басты бағыттарының бірі – әйелдердің бастамаларын қолдау, олардың әлеуетін дамытуға жағдай жасау,-дейді партия хатшысы Шолпан Каринова. Бүгін   партияның Астана қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жылдық қорытынды есептік отырысы өтті. Жиында гендерлік теңдік және әйелдердің саяси рөлін күшейту мәселелері айтылды.  Қалалық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының 34 депутатының 11-і – әйел. Елордалық қыз-келіншектердің қатысуымен 80-нен астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылған. Келер жылы да әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған жобалар жалғасады.

ШОЛПАН КАРИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

«Tomiris» - әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытуға бағытталған ірі жобалардың бірі. Аталған жоба қатарынан төртінші жыл ұйымдастырылып отыр. Осы уақыт аралығында түрлі сала бойынша оқытудан өткен шамамен 200-ге жуық қазақстандық әлеуетті әйел көшбасшы анықталды. Сонымен қатар өңірлерде де әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту мәселесіне белсенді түрде қолдау көрсетіліп, тиісті бастамалар іске асырылуда.