Жамбылда «Таза Қазақстан» акциясының ауқымы кеңеймек. Белсенді жастар колледж студенттерімен кездесіп, тазалық шарасы шеңберінде әңгімелесті. «Қазіргі заман» гуманитарлық-техникалық келледжінде өткен жиында жастардың ел тазалығына қосқан үлесі орасан деп жоғары баға берілді. Оған дәлел, аймақта экоакция басталғалы 110 мыңнан астам адам қатысса, оның жартысынан көбі- жастар. 60-қа жуық тарихи-мәдени ескерткіш, 100 мың шаршы метрден асатын тұрғын үй мен аулалар түрлі тұрмыстық қалдықтан тазартылған. Белсенді жастар тек жиын өткізумен шектелмейміз деп отыр. Олар шарадан шығып, Аса өзенінің жағалауын жинауға аттанды.