Атырау облысында тышқан қаптаған ауыл тұрғындарының шуынан соң облыстық комиссия құрылды. Аймақта мамандар кеміргіштердің өзге елді-мекендерге таралып кетпеуі үшін ауылды айналдыра қазып, улап жатыр. Удың әсері тек 7-10 күнде ғана нәтиже бере бастайтынын айтады. Бұған дейін Махамбет ауданының Талдыкөл, Бейбарыс, қала маңындағы Алмалы ауылы халқы кеміргіш зиянкестермен 10 күн бойы өздері күресіп келген еді .Обаға қарсы күрес станциясы мамандары жағдайды ашып айтпай отыр. Ал эпидемиологтар болса, алаңдауға еш негіз жоқ ,- дейді. Тышқанмен күреске қанша қаржы бөлінетіні де әзірге белгісіз. Дератизация жұмысымен арнайы лицензиясы бар 8 мекеме айналысып жатыр,- дейді комиссия мүшелері.
ЗУЛФИЯ ҚАЙРЕДЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Бүгінгі күні кеміргіштер арқылы таралатын аурулар тіркелмегенін қаперлеріңізге беремін. Жалпы алғанда, эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Егер халықтың арасында ауру шығып, кеміргіштер арқылы таралатын ауру тіркелген жағдайда біз өзіміздің тиісті іс-шарамызды санитарлық нормаларға сәйкес жүргіземіз.
ӘЛІБЕК ЕРМЕКҚАЛИ, ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ:
Нақты осындай қаражат керек, олардың тарапынан ешқандай ұсыныс болған жоқ. Бұл жерде қала болсын, Махамбет ауданы болсын, қазіргі таңда біз қолдан келгенше көмекті аямай жасауға әзірміз, біз бастап кетейік деген қарапайым жиналыс үстінде де тұрып кетті. Алдын алу мақсатында, ең басты үйаралық емес, сыртына блокада жасап жатырмыз.