Батыс Қазақстан облысында «Жер аманаты» бағдарламасы 242 %-ке орындалған. Бұл туралы "AMANAT" партиясының осы өңірдегі Бөкей Ордасы және Бөрлі аудандық филиалдары өткізген брифингте белгілі болды. Партиялықтар соңғы екі жылда 500 мың гектардай жерді мемлекетке қайтарыпты. Оның 123 мыңы кері пайдалануға берілген. Осылайша мал жаятын жер таппай қиналған шаруаларды толғандырған мәселе шешімін тауыпты. Бұл үшін "AMANAT" партиясының мүшелері жер иелеріне жағдайды түсіндіріп, тиісті жұмыстарды жүргізіліпті. Дегенмен ауылда жерге деген сұраныс әлі де жоғары. Өйткені облыстың оңтүстік аудандары мал шаруашылығымен айналысады.
ЖАЛҒАС ТАШУОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚО БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұрнағы жылы, былтырлары кішкене проблема болды. Біздер осындай кездесу арқылы түсіндірдік. Ауыл тұрғындарында жаңағы қолданбай жатқан жерлер болды енді. Бізде Бөкей Ордасы ауданы жер көлемі үлкендердің бірі ғой облысымыз бойынша. Қазіргі таңда өздері түсіністік танытты. Себебі қолдарынан келмейтін болғандықтан, жаңағыдай қайтарып жатыр.