«Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасына Қостанай облысынан 500-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысып жатыр. Ағартушылық-зияткерлік бастамаға ауылдық округ әкімдері де айрықша атсалысуда. Оқу-білім сайысына облыс бойынша 55 мың адам қатысып жатыр. Оқырман көшін оқушылар бастап тұр. Олардың саны 30 мың. Пилоттық жобаға мемлекеттік қызметшілер де белсенді атсалысуда. Бөлім, басқарма басшылары, қала әкімінің орынбасары секілді лауазымды тұлғалар кітап оқуға кірісті.Мәселен Федоров ауданындағы 12 ауылдық округ әкімі мен 18 бөлім басшысы рухани құндылықтан нәр алуға ниеттеніп отыр.
АРДАҚ БЕГАТАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Аталған жобаға білім беру ұйымдарының, мектептердің, балабақша меңгерушілері, колледж директорларының қызығушылықтары өте жоғары. Енді осы жоба аясында өзімнің оқып бітірген 3 кітабым бар.Енді жобада берілген 15 кітаптың тізімінде өзіміздің оқушы, студент кезімізде оқыған кітаптар бар.Студенттік кезде, бала кезімізде басқаша түсінсек оның ішіндегі мазмұнын, қазіргі уақытта басқаша түсініп жатырмын.