Маңғыстау облысында инклюзивті спортты ілгерілетуге бағытталған ерекше жарыс өтті

Маңғыстау облысында инклюзивті спортты ілгерілетуге бағытталған ерекше жарыс ұйымдастырылды. Шараны “AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар рухы” жастар қанаты өткізді. “Чемпиондық рух” республикалық акциясы ерекше қажеттілігі балаларды қолдап, олардың спортпен шұғылдануына жағдай жасауды көздейді. Сондай-ақ, жоба олардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік ашып отыр.

АБЗАЛ МАРАТ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл шараның басты мақсаты, бұқаралық спортты дамыту, бүгін біз Маңғыстау облысы осы шараның жалғасын табу мақсатында ерекше қажеттілігі бар балаларға, яғни сурдо каратэмен айналысып жатқан балаларға демеушілік ретінде 40қа жуық балаларға кимоно алып беріп жатырмыз. Негізгі мақсатымыз, осындай балаларды тәрбиелеп отырған балаларға алғыс айтып, ұстаздарына да бір қолдау көрсету.

БЕКЕТ АБДУЛЛАЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Қазіргі таңда, Маңғыстау облысында осы спорт түрі тіркелгеніне 3 ай болып қалды. 25 үзбей қатысатын спортсмендеріміз бар. Аллаға шүкір, 2026-да Қазқастан чемпионаты бар соған дайындалып жатырмыз. Алда тек жақсы нәтиже көрсетеміз деген ойдамын.