28-30 қараша аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Аталған халықаралық додаға Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегерлері қатысады. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы да жүлде үшін таласады.
Бір жыл бұрын Абу-Дабиде әлем біріншілігі өткен болатын. Енді міне, кезекті «Үлкен дулыға» турнирін қабылдайды. Үш күнге созылатын дода жанкүйерлерге ерекше атмосфера сыйламақ. Оның үстіне маусым аяқталуға жақын. Абу-Дабиден кейін дзюдошылар Токиода өтетін Grand Slam жарысына аттанады.