"Әкімдер мектебі" жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Елімізде 2334 ауыл әкімін халық сайлады. Жартысынан көбі бұрын мемлекеттік қызметте істемеген. Олардың қатарында мұғалім, дәрігер, шаруа, кәсіпкерлер бар. Тәжірибе толыстырып, бағыт-бағдар беру үшін «AMANAT» партиясы «Әкімдер мектебі» жобасын қолға алған болатын. Нәтижесін білу үшін студияға «AMANAT» партиясы ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаменті директорының орынбасары Жандос Қалтаевты шақырдық. 

Жандос Тулембекұлы, қош келдіңіз!

Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы мүлдем өзшеге форматта өткенін тілге тиек еткен жөн шығар. Кез келген әкім өздерін мазалаған сұрақтарды Президентке тікелей қоюға мүмкіндік алды. Бұған қатысты қандай пікір білдірер едіңіз?

ЖАНДОС ҚАЛТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы түсіну керек. Диалог-платформа дегеннің өзі әкімдер мен билік өкілдері арасындағы сұқбат. Еркін форматтағы пікір алмасу алаңы деп айтуға болады. Біріншіден биылдан, былтырдан бастап біз өңірде форум өткіздік. Олар өзінің әкім орынбасарларына, облыс әкімдеріне басқарма басшыларына сал-саласына байланысты сұрақ қоя білді. Біз солай жинақтап негізгі қордаланған мәселелерді өзіміз үшін анықтап алдық. Сосын дәл осындай форматта өзіңізде көрдіңіз Президенттің өзіне еркін форматта көптеген ауылындағы экологиялық мәселесін, қаңғыбас иттерді. Тіпті кейбір әкімдерге өзінің жұмысына қатысты емес жолда қағып кеткен адамға байланысты тергеу жұмыстарын арнайы органдар айналысатын істермен айналысатынын анықталды. Сол мәселелерді лезде тікелей тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына тапсырма берді. Кейбір деректерге, ақпараттарға қол жетімсіз болғаны Премьер-министрдің орынбасарына тапсырма беріліп, оны жақында қабылдаймыз деген сияқты ойын айтты.

"Аманат" партиясының бастамасымен биыл "Әкімдер мектебі" жобасы қолға алынған еді. Осы бір жылда атқарылған жұмыстарды қысқа әрі нұсқа тізбектеп шықсаңыз?

ЖАНДОС ҚАЛТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Білесіз көптеген ауылдарда скрининг жасалды. Скрининг дегенміз не ол қай ауылда, қай салаға бейімделген. Қай салаға байланысты ол жерде ауыл шаруашылығына жақын ба, мал өсірген дұрыс па? Кімнің үйінде қай саламен айналысуға болады. Сол ерекшеліктердің негізінде ол шығарған өнімді қай жерге сатамыз. Сертификат қалай жасайды деген сұрақтарды анықтау барысында байқасақ әкімдердің қабылеті бұл нәрсеге жетпейді.  

Ауыл әкімдердің біліктілігі артып келеді деп айта аламыз ба? Өткен жылдармен салыстыра айтсақ, өзгеріс бар ма?

ЖАНДОС ҚАЛТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әрине біріншіден нақты нәтижелер бар. Сайып келгенде бізде 600 млрдтан астам теңгеге байланысты 12 мың инвестициялық жоба. Бұл жобаларды алғаш яғни келесі үш жылда атқаратын болады.  Екінші көрсеткіш нақты халықтың сенімі әкімдерге деген 84 пайызға артты деуге болады.