«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері қариялардың үйлерін тазалап берді

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2025

Қарты бардың елдің қазынасы бар. Дәл осындай ұранмен еліміздің әр өңірінде  «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында егде жастағы тұрғындарға көмек көрсетуді дәстүрге айналдырды.  

Ардагерлердің жағдайын сұрап, керегіне көмектесетін, қиын сәтте қасынан табылатындар қатарында қарағандылық белсенділерде бар. Бір топ жастар мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты зейнеткердің үйін тазалап, көмек көрсетті.

ЕЛЕНА ПОНОМАРЕВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанатынан балалар келіп жүргелі үш жыл болды. Қыздар үй тазалап береді. Ұлдар көктемде бақшада жер жыртып, қыста қар тазалауға көмектеседі. Алда жаңа жыл келе жатыр. Соған дайындалып жатырмыз.

Ақтөбелік жастар да қатардан қалыс қалмады. Олар 79 жастағы Владимир Хачидоговтың үйіне барып, ауласын тазалап, қоқысын шығарып, күнделікті шаруасына демеу болды.

ЕРНАР АТЫҒАЙ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Қарттарымызға жалғызбасты, әжелерімізге, аталарымызға барынша көмектесуіміз керек деп ойлаймын.Енді еңбектеніп, өстіп бір-бірімізге көмектесетін болсақ, әрқайсымыз өзімізден бастап осылай барынша біз болып, сіз болып, көмектесетін болсақ , аталарымыздың батасын алсақ осылай еліміз көгеріп, дамып үлкен үлес болады деп ойлаймын.

Ал Алматылық «ЖАСТАР РУХЫ» белсенділері 100 жастағы тыл ардагері Михаил Уколовтың үйіне барып, оның егде жастағы жұбайы мен қыздары үшін ауласын толығымен тазалап берді. Үй шаруасына шамасы келмейтін қарияға көмектескен еріктілер қураған жапырақтарды жинап, жиһаздарды шығаруға жәрдемдесіп, ардагердің ақ батасын алды

АЯУЛЫМ СМАН, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы бізде  «AMANAT» жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен ай сайын тұрақты түрде өткізіліп отырады. Бұл жай ғана бір күндік акция емес, бұл жастардың ардагерге және ел үшін еткен еңбегіне деген құрметі деп білеміз.

Бұл қайрымдылық акциясы алдағы уақыттада жалғасын табады.