Нұрлан Назарханов: «Ауыл әкімдерін сайлау туралы бастама – уақытында қабылданған шешім»

Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов Ауыл әкімдерінің диалог-платформасына қатысып, ауыл әкімдерін сайлау туралы бастаманың мәні мен маңызына тоқталды.

«Отыз жылдан артық уақыт әкім қызметін атқарып келемін. Бес ауылдық округте әкім болдым, өмірлік тәжірибем жетеді. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлау туралы бастама – уақытында қабылданған шешім деп білемін. Халық өзі сайлаған әкімін өзі біледі. Отыз екі жылдан кейін туған топырағым – Шұғылбай ауылына әкім болып қайта келдім. Бұл – ауыл әкімдерін сайлау туралы реформаның арқасы. Шұғылбай ауылдық округінде әрбір отбасыға шаққанда 33 ірі қарадан, 28 қойдан және 9 бас жылқыдан келеді. Әрбір отбасы осындай мүмкіндікке ие болып отыр», – деді ол.