«Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады,- деп хабарлайды Astana TV.
Астана, Жамбыл, Павлодар, СҚО, Ақмола, Абай, ШҚО, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жетісу, Алматы, Ұлытау, Қарағанды, БҚО, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұман түседі.
Ақмола, Павлодар, СҚО-да көктайғақ болады.
Абай облысының солтүстігінде қар жауып, боран соғады.
Жамбыл облысында жылдамдығы 15–20 м/с болатын жел соғады.