Дастан Сәтбаев үздік бес жас футболшының қатарына енді

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Швецияның Score90 спорт порталы 2008–2005 жылдары туған жас футболшылардың үздік бестігін жариялады,- деп хабарлайды Astana TV  Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Тізімге Қазақстан құрамасының және «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаев та еніп, 2008 жылы туған ойыншылар арасында 5-орынға табан тіреді. 

2008 жылғы үздік жас дарындар рейтингінде алғашқы орынға «Бавария» жартылай қорғаушысы Карль Леннарт тұрақтады. Екінші орында - ПСЖ клубының жылдам вингері Ибраим Мбайе. Үздік үштік «Ливерпуль» шабуылшысы Нгумоа Риоға бұйырды. Ал төртінші сатыға «Аталанта» қорғаушысы Онест Аанор жайғасқан.

Қазақстандық футболшының тізімнен көрінуі оның халықаралық деңгейдегі әлеуетін тағы бір дәлелдеген жайт.

Айта кетейік, 17 жастағы Дастан Сәтбаев осыған дейін Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Копенгагенге» қарсы матчта (2:3) басты еурокубоктағы алғашқы голын соққан болатын. Осы нәтижеден кейін ол Еуропаның басты клубтық турнирінде гол соққан ең жас футболшылардың үздік үштігіне енді.