Легионер президент шешімі бойынша командадан кетті

"Ордабасының" бұрынғы қорғаушысы Шериф Жимо маусым ортасында клубтан не себепті кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

 

Футболшының айтуынша, келісімшарттың бұзылуына өзі емес, клуб басшылығы бастама жасаған.

"Маған қатысты шешімді жазда клуб президенті қабылдады. "Ордабасы” келісімшартты тоқтатқан үшін маған өтемақы төледі. Қазақстанда жақсы байланыстарым жоқ, бірақ егер лайықты ұсыныс түссе, бұл елге қайтадан баруға дайынмын” – деді Жимо Legalbet-ке берген сұхбатында.