Бұралқы иттер қорадағы қойға шапты

Тобыл өңірінде топтасқан бұралқы ит қорадағы төрт түлікке ауыз сала бастады. Әсіресе Әулиекөл  тұрғындары көше кезген көп иттен зардап шеккенін айтып шағымданып отыр.Қарғыбаусыз қаңғыған төрт аяқтылар қой мен тауықты қынадай қырып жатқан көрінеді.Жергілікті жұртшылық жергілікті биліктен жәрдем сұрап жатыр.

Ауыл тұрғыны Бейсенбай Балғабай жаз бойы 20 қойынан айрылғанын айтады. Бұралқы иттер қозы-марқаны сүйреп, қалғанын жарып кеткен. Тұрғынның қорасында небәрі  7 ұсақ мал қалыпты.

БЕЙСЕНБАЙ БАЛҒАБАЙ, ӘУЛИЕКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Заявление ветврачтарға,басқа кімге жазам.Олар келді айтты дым да істей алмаймыз деп.Жұрттың малын бәрін қырып жатыр дейді. 50 итке ғана оқ бар.Қалғанын бәрін ата алмаймыз дейді. Мысалы ана жерде бір апамыздың 29 бас қойын қырып кетті, бір-ақ қойы ғана аман қалған.Ит үшін бағып жүрміз бе?Неше жыл жинап жүрген малымызды бір-ақ күнде қырды да кетті.

Қараусыз иттер өзге де ауыл малына қырғидай тиіп, қасқырша шапқан. Федосеевка ауылындағы  шаруа қожалығынан алпысқа жуық қойды жарып кеткен. Бұралқыны бұрынғыдай ата алмаймыз. Тек қуалаудан басқа шара жоқ дейді, шаруалар.

ХАСАН ӘЛІБЕКОВ, ШАРУА:

Бір-екі айдың шамасында 3 рет шабуыл жасалған.Бірінші рет 36 бас. Барлығы 56 бас қой-ешкіні жарып салған сол бұралқы иттер.36-40 иттің шамасында санағаным.Оны ұстай алмайсың ғой. Жабайы болып кеткен.Кәдімгі қасқырдан да қауіпті.

Қанды ауыз иттен келген қалың шығын өтелмейді. Мал иесі қорасын қымтап,төрт түлігіне ие болсын дейді мамандар.

ДҮЙСЕНБАЙ АХМЕТЖАНОВ, АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ СТАНЦИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жоюға болмайды итті.Оларды ұстап алып, өзінің арнайы шаралары бар.Соны жасаймыз да қай жерден ұстадық сол жерге жібереміз. Тісі бар несі бар дегендей қаңғыбас итке  ешкім тамақ бермейді Сондықтан ол қайтсе де шабуыл жасайды.Шығын көлемі қарастырылмаған. Өйткені әр адам қорасын бектіу керке.малына ие болу керек.

Биыл Әулиекөл ауданында тек 50 итті аулауға, зарарсыздандырып, екпе салуға қаражат бөлінген. Межелі жоспар  толық орындалған.Ал облыс көлемінде 3600  ит ұсталып, екпе салынып, қайтадан жіберілген. Жыл басынан бері төрт жүзге жуық төрт аяқтының көзі жойылған.