Алматыда секундына 2 квадриллион операция орындайтын суперкомпьютер жұмыс істеп тұр. Құрылғының іске қосылғанына небәрі екі ай болса да, бірнеше күрделі ғылыми есеп жүргізіп, цифрлық модельдер құрып үлгерген. Оның қуаттылығы – 1940 терафлопс. Ол әлемнің ең мықты 600 суперкомпьютерлер тізіміне кіреді. Бұл орталықта жеті қызметкер жұмыс істейді. Олар – суперкомпьютердің архитектурасымен айналысып, оның жүйесін бақылап отыратын техникалық мамандар. Суперкомпьютер қазіргі таңда қазақ тілінің үлкен тілдік моделін жасау және ауа райын нақты болжау сынды жобаларды әзірлеп жатыр.
ӘМІРХАН ТЕМІРБАЕВ, СУПЕРКОМПЬЮТЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Казгидрометпен бірге Қазақстан территориясында Қазақстанның барлық аймақтарында ауа райының дәл болжамын жасау бойынша үлкен жоба басталды. Жақын арада соның алғашқы нәтижелерін біз алатын боламыз.