Қазақстан құрамасы Сочиде өткен олимпиадада 6 медаль иеленді

Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім додасына әлемнің 21 елінен 120-дан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін сынға салды.

Қазақстан құрамасы 6 оқушыдан және 3 жетекшіден тұрды. Олар жарыс қорытындысы бойынша 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері:

Ратмир Кутырев – Алматы қаласындағы РФММ 10-сынып оқушысы;

Даниил Перепелица – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы;

Мухаммад Сыздықов – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

 Қола медаль иегерлері:

Тимур Алпысбаев – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

Ерасыл Дүйсенбеков – Абай облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушысы;

Нұрсейіт Сейтқазиев – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.