Жапонияның болат құю зауытында жарылыс болды

Фото: eadaily.com

Жапонияның Хоккайдао аралындағы Муроран қаласындағы Nippon Steel болат құю зауытында жарылыс болды. Бұл туралы NHK-ға сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Агенттік келтірген мәліметтерге қарағанда, жарылыстан соң өрт шыққан. 1 желтоқсандағы мәліметтер бойынша өрт сөндіріліп жатқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Кәсіпорын қаланың өнеркәсіп ауданында орналасқан.