Қазақстанда қанша шетелдік студент білім алады?

Фото: pixabay

Елімізде 35 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жатыр, деп хабарлайды Astana TV

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 88 мемлекеттен келген 35 075 студент оқып жүр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға көп.

Олардың басым көпшілігі Үндістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қытай және Ресейден келген.