ҰҚК жемқорлыққа қатысты 100 қылмысты тіркеді

Фото: pixabay

Биыл қарашада Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 100 құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Astana TV

Нақтырақ:

189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) — 8;

190-бап (алаяқтық) — 15;

194-бап (қорқытып алу) — 1;

195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) — 1;

206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) — 1;

249-бап (рейдерлiк) — 2;

361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) — 11;

362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) — 4;

364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) — 1;

366-бап (пара алу) — 17;

367-бап (пара беру) — 33; 

368-бап (парақорлыққа делдал болу) — 2;

369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) — 1;

371-бап (салғырттық) — 1;

416-бап (дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау) — 1;

425-бап (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер) — 1.

ҰҚК 24 қылмыстық істі Сотқа жолдаған: 

190-бап (алаяқтық) — 10;

218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) — 1;

366-бап — (пара алу) — 3;

367-бап (пара беру) — 8;

385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) — 2.

Келтірілген залал бойынша 409,6 млн теңге шығын өтелген.