Президент «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Astana TV.
Мемлекет басшысына Қордың биыл атқарған жұмысының нәтижелері туралы мәлімет берілді.
Нұрлан Жақыпов:
Қор тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 53 триллион теңге болатын 130-ға жуық жоба бар екенін айтты.
Жетісу облысындағы 84 елді мекенге көгілдір отын жеткізетін Талдықорған – Үшарал магистральді газ құбырының, Ақтаудағы контейнер хабы мен Алматыдағы Zhetysu логистикалық терминалының, сондай-ақ Sany Re компаниясымен бірлесе жел генераторларына арналған қондырғылар шығаратын зауыттың іске қосылғаны жөнінде мәлімет берді.
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының отандық бизнесті өркендетуге қатысты бастамалары туралы баяндады.
Мемлекет басшысы:
Қор жұмысының тиімділігін арттыру, инвестициялық жобаларды сапалы іске асыру және ұлттық активтердің ұзақ мерзімді орнықты дамуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.