Қор нарығында доллар 508 теңгеге дейін арзандады

Фото: pixabay.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Astana TV

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,8 теңгеге арзандап, 508,20 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 513,45 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 507,99 теңгеден сатып алынады, 511,50 теңгеден сатылады. Еуро 588,90 — 594,70 теңге, ал рубль 6,47 — 6,59 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,79 теңгеден сатып алынады, 75,38 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 505,49 теңгеден сатып алынады, 512,49 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 587,49 теңге, сату — 597,49 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,47 теңге, сату — 6,57 теңге.
— юань: сатып алу — 73,61 теңге, сату — 77,65 теңге.