Елімізде 2 млн адам ЖРВИ мен Гонконг тұмауын жұқтырған

Фото: pixabay.com

Қазақстанда соңғы екі айда 2 миллион адам ЖРВИ және Гонконг тұмауын жұқтырған, деп хабарлайды Astana TV

Өткен аптада тәулігіне 21 мың науқаста вирус анықталған. Олардың 60%-ы балалар.

Эпидемия басталғалы 652 мектептегі 9 898 сынып онлайн оқуға ауыстырылды.

Егер сыныптағы оқушылардың 30%-ы ауырса, қашықтан оқытуға көшу ұсынылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, аурушаңдық желтоқсан айының ортасына дейін жалғасуы мүмкін.