Ақтөбеде із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі Елек өзенінен табылды

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2025

Ақтөбеде із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі Елек өзенінен табылды. Ол жексенбі күні сағат 12 лер шамасында үйінен шығып кетіп, содан оралмаған. Құтқарушылар өзеннің төменгі жағынан 27 жастағы тағы бір ер адамның мәйітін алып шықты.  Алдын ала мәлімет бойынша, екеуі бір-бірін таныған. Бірақ, жағдай қалай болғанын ешкім білмейді. Баланың жақындары өз еркімен суға түсуі мүмкін деген нұсқаны жоққа шығарады. Олар бұл -қылмыстық іс деп санайды және кінәлілерді тауып, жауапқа тартуды талап етіп отыр.Оқиғаның нақты себептерін полиция анықтап жатыр.

АСЛАН АРЗЫМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Кеше іздестіру құтқару шаралары кезінде ТЖД сүңгуірлік бөлімшелері жоғалған жасөспірімнің денесін тауып, шығарып алды судан.Материалдар қажетті процессуалдық іс-шараларды жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Бүгін 1998 жылғы екінші жоғалған адам ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен жағадан 30 метр қашықтықтан табылып, сүңгуірлермен шығарылды.