Павлодар облысының Железин ауданында кей үйдің тұрғындары жылуға жарымай отыр

Павлодар облысының Железин ауданында тұрғындар жылуға жарымай отыр. Тіпті, күзден бері жылуға  қосылмаған үйлер бар. Жауаптылардың салғырттығынан жұрт зардап шегуде. Мәселенің мәнісін  тілшіміз Өзгеріс Қуанар баяндайды.

Ернұр Қисановтың үйінде жылу жоқ. Осылай киімшең жүруге мәжбүр. Күз басталғалы жылуға жарымаған.

ЕРНҰР ҚИСАНОВ, ЖЕЛЕЗИНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздегі жылудың жоқтығы -біздің құбырдың бітеліп қалуы. Сол құбырды крандарды ауыстыру керек. Өйткені, ол мезгілден шығуы, ескіруі сол себепте болып тұр. Оны ауыстыру үшін қазандықты тоқтатып, бізге соны ауыстырып беру керек.

Өзге үйлерде де жылу мардымсыз. Тұрғындар тоңып отырғанын айтады. 

ТАМАРА КАЛОШИНА, ЖЕЛЕЗИНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазандық үйдің дәл қасында. Бірақ, үй суық. 16-17 грдустан артық көтерілмейді. Барлық уақытта осылай суық. Үйдің іші суықтан көгеріп кетті. 

Бұл аумақтағы жеке үйлерге жылудың жетпеуінің өз себебі бар көрінеді. Жауаптылар оны тез арада шешетінін айтты.

ӘДІЛ САДЫБЕКОВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНДЫҚ «КӨМЕК» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мұнда жылу ең соңғы болып келеді. Сол себепті жылу жүйесінде дұрыс айналым жасалмай тұр. Болжам бойынша, крандар бітелген болуы мүмкін. Біз жақын күндері осы мәселені шешетін боламыз.

Аудандағы қалған тұрғын үйлердің де дұрыс жылынбауына жылу жүйесінің ескіргендігі себеп дейді мамандар.