Жыл сайын 250 мың жас маман еңбек нарығына қадам басады. Бірақ, олардың арасындағы кәсіби-техникалық білімі бар мамандар 18%-дан аспайды. Тиісінші кадр тапшылығы туындап отыр. Бүгін осы мәселе «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық жастарды қолдау кеңесінде қаралды. Елімізде 6 миллионға жуық жастың 318 мыңы – NEET санатында.
НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Жастардың бәрі шетелге кетуге мәжбүр елде лайықты жалақы жоқ дейді. Естейтініміз осы орталыққа келіп естігенде, мемлекеттік органдардан алатынымыз жақсы жалақы бар, бізде жұмыс орындары бар жастар мен азаматтар келмейді дегенді ғана естейміз. Бірақ дәл осы мәліметті, екі деректі сарапқа салсақ таразыға тартатын болсақ меніңше ең дұрысы бұл халықтың пікірі ғой деп ойлаймын. Сондықтанда мемлекеттік органдар не мәселе бар және оның шешу жолдарын таба алдыңыздар ма, жоқ па осыған қатысты Сіздердің баяндамаларыңызды күтетін боламыз.