Қарағанды облысының Саран қаласында “Amanat” партиясының бастамасымен биыл 100-ден астам отбасына құқықтық көмек көрсетілді

Қарағанды облысының Саран қаласында   “Amanat” партиясының  «Құқықтық көмек» жобасымен  биыл 100 ден астам отбасына қолдау көрсетілген. Бүгін де жоба аясында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Оған прокуратура және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылды. Тұрғындар шеше алмай жүрген мәселелерін  айтып, мамандардан тегін кеңес алды. Азаматтық алу, жәрдемақы, өтемақы тағайындауға құжаттар рәсімдеуге байланысты сұрақ көп болды. Сондай- ақ жұртты коммуналдық проблемалар мазалайды. Кейбіреулер отын сұраса, кейбірі қаржылай және әлеуметтік көмек сұрап келген. Ондай отбасыларына демеушілер  арқылы көмек көрсетілген.  Соңғы 11 айда партия филиалынан 2 жүздей адам көмек сұраса,оның 60 пайызының сұрағы оң шешімін тапқан.

ЖАНБОЛ ЖАЯУБАЕВ, САРАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Саран қаласында азаматтарды қабылдау өтіп жатыр “Amanat" партиясының қолдауымен. Өте көп азаматтар келеді көмек сұрап. Азамат келіп сұрақпен келсе біз оны бос жібермейміз. Тырысамыз көмек беруге, қолдан кеп жатса бүкіл көмек береміз.