«Аmanat» партиясы Тараздағы әлеуметтік нысандарды тексерді. Рейдке партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен облыстық прокуратура өкілдері және жұмыспен қамтудың мекемесінің қызметкерлері шықты. Олар "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайды көзбен көрді. Көпшілігі көңілден шықпады. Атап айтсақ, 400-ге жуық баланы қамтитын "Бақытты болашақ" оқушылар сарайының өзінде оқылық көп. Бұған дейін де бір неше рет бұл мекемеге жүргізілген зерделеу кезінде кемшіліктерге қатысты ескерту жасалған. Бірақ әлі күнге дейін қалпына келтірілмеген. Кіре берісінде пандус қойылмаған, ал лифті мүлде жұмыс істемейді.
ҒАЛЫМЖАН АШЫРХАНҰЛЫ, "БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ" ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл лифтер іште тұратын лифті, сыртқа арналмаған мүлде. Ауа райына байланысты майы қатып қалған шығар. Бұл мекеме соғылған кезде проекталық сметада пандус болған жоқ.
СИЛАРА НҰРМАТОВА, ЖҰМЫСШЫ ТОПТЫҢ МҮШЕСІ:
Өкінішке қарай көп мекемеде жағдай жасалмаған жарым жандарға. Мәселен мен секілді арбаға танылған азаматтарды көтеруге арналған лифті қалада мемлекеттік мекемелердің өзінде істен шыққан. Көп мекеме көз бояушылық жасап қойған, бар деген аты ғана. Іс жүзінде істемейді.