Ел бойынша ауқымды жүргізіліп жатқан экобастама Қостанай облысында да кең қолдау тапты. Өңірдегі ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекеме жұмысшылары да «Таза Қазақстан» акциясына айрықша атсалысып отыр.
Қаланы ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Қостанай -Су» мекемесінде 700-ге жуық жұмысшы бар. Олар апта сайын өтетін тазалық науқанына белсенді қатысып келеді. Кәсіпорын жұмысшылары өз аумағы мен қатар қаладағы саябақ, жағажайды қоқыстан тазартуға білек сыбана кірісіп отыр. Коммуналдық мекеменің түрлі техникасы да акцияға жұмылдырылып, тонналаған қоқысты шаһар шетіне шығарып жатыр.
ЛЮДМИЛА КУЙКАБАЕВА, «ҚОСТАНАЙ - СУ» МЕКЕМЕСІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Өзіміздің кәсіпорын аумағы мен қатар қаладағы саябақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп отырамыз.Мәселен соңғы рет триатлон паркінде,жағалаудағы жаппай сенбілікке қатыстық.Апта сайын,ай сайын атсалысып келеміз.Біз «Таза Қазақстан» акциясын толық қолдаймыз және өзге де кәсіпорын жұмысшыларын атсалысуға шақырамыз.