«Нұр Отан» партиясы мүшелерінің қатары артты. Бүгін 10 ақтөбелік азамат партия қатарына қабылданды. Олардың арасында кәсіпкерлер, спортшылар мен белсенді жастар бар.
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада партия жұмысына белсене араласқан 5 адам алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік бастауыш партия ұйымы», «Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауларының жүлдегерлері де сыйлықтан тыс қалмады. 6 адамға партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің атынан «Құрмет грамотасы» табыс етілді. Ақтөбе облысында «Нұр Отанның» 45 220 мүшесі бар. Биыл партия қатарына 6 554 адам өткен.
Қуаныш Баянбаев, «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылданушы:
Партияның жаңа жобалары, партияның жаңа мақсаттары жүрегіме жағымды. Елбасының командасына қосылу - мен үшін өте үлкен мәртебе және жауапкершілік.
Нағима Тілембаева, Шалқар аудандық мұражайы бастауыш партия ұйымының төрайымы:
Өтетін іс-шаралардың мақсаты партия жобалары аясында. Олар - Елбасы саясатын насихаттау, елімізді сүю, патриоттық тәрбие беру, өлкеміздің тарихын насихаттау.