Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп, әжесін пышақтаған

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2025

Анасын өлтіріп, әжесін жаралаған.  Ақтөбеде  жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікпен 11-сынып оқушысы қамауға алынды. 41 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмған, ал зейнеткер ауруханаға жеткізілді. Бұл қанды қылмысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.  Осы оқиғадан кейін қаладағы барлық білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.  

ӘЛІБИ ЛАТЫП, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Баланың жасы 16 да, мінезі тұйық, Толық отбасынан, әлуеуметтік жағдайы да, оқу үлгерімі де жақсы. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуіне байланысты басқа ақпарат тарата алмаймыз.