Атырауда рөлі оң жақта орналасқан шетелдік нөмірлі көлік иелері бас көтерді. Айтуларынша, темір тұлпарымен жолда жүруден қалған. Әсіресе, отбасын асырау үшін такси қызметін атқару мүлдем мүмкін болмай кетті,- дейді ашынған жүргізушілер. Олар көлікті есепке алып, заңдастыруға мүмкіндік беруде сұрап отыр.
Жиналған жүзге тарта жүргізушінің көпшілігі аудандардан келген. Қала мен екі ортада жолаушы тасымалдап, нәпақасын тауып жүрген жандар. Айтуларынша, екі қолға бір күрек таппаған соң шетелде тіркелген арзан көлікті несиеге алған. Полицейлер жолда жүруге тыйым салғалы, қарыз көбейіп барады,-дейді.
АРМАН БАҒЫТОВ, ОБЛЫС ТҰРҒЫНЫ:
Несиеде тұр көлігім. 4 жыл болды төлегеніме. Енді бір жылы бар. Мен деген 3-4 күн болды, адамдарды жолдан түсіріп алады. Бір жағынан өтсең, бір жағынан түсіріп тастайды. Сондай болып тұр. Несие просрочкада. Әзірге уақыт беріңдер жүре тұрайық.
ҚАНАТ ҚҰЛДЫРАХМАНОВ, ОБЛЫС ТҰРҒЫНЫ:
Күндегі табатыным 10-15 мың ақша. 3-4 күн болды үйден шыға алмай жатырмын . Жасыратын ештеңесі жоқ Құлсарыдан автобуспен келіп тұрмын бері қарай. Машинаны шығармағасын. Осылай жаным қысылғасын келіп тұрмын. Бізге керегі шетел көлігін минивендерді трассаға таксиге жүргізсін. Қазақ есепке қойып берсін.
Полицейлер жүргізушілер қанша шырылдаса да қолданыстағы заңнан асып кетпейміз,- деп кесіп айтты. Яғни облысаралық жолда жолаушы тасымалдаған оң рөлді көлікті көрсе дереу тоқтатып, кері қайтаратынын айтады. Ал жүргізушілер болса, халықты мұндай әуре-сарсаңға салғанша, шекарадан кіргізуге тиым салғаны дұрыс еді,- деп өкпелі.
ЖЕҢІС ДӘУЛЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
«Жолда жүру туралы» Заңның 2014 жылғы 14-сәуірдегі 63-бабында толықтай көрсетілген. Шетелден келген оң жақтағы автокөліктер тіркелмейді. Және де жолаушы тасымалдауға қатаң тиым салынады. Бұл автокөліктің жылдары бізге толықтай келмейді құжаттарға заңдастыруға қарсы келіп тұр.
ТҰРЖАН ӨТЕШОВ, ОБЛЫС ТҰРҒЫНЫ:
Қазақстан о баста кіргізбеу керек еді ғой. Кіргізіп алады да соған қайшы заң шығарып ала қояды министрлік. Ол қалай болады? Қалай түсінуге болады. Сонда халықты қанау ма бұл? Менің Сиенам 3,5 дұрыс рөл. Онны қоюға 4 млн 600 мың ақша керек. Жасымыз 60-қа келді қазір кез келген жер жұмысқа алмайды.
Облыста шетелдік нөмірдегі 1500-дей автокөлік заңдастырылған. Ал заңдастыра алмай сан соғып жүргендер туралы нақты есеп жоқ. Айта кетейік, жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 81 адам қаза тапқан. Оның 18-і шетелдік нөмірлі көліктердің қатысымен жан тәсілім еткен.