Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жиында бір палаталы Парламентті қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстары, азаматтардың е-Otinish және E-gov платформалары арқылы келіп түскен бастамалары қаралды. Сондай-ақ жаңа Парламент депутаттарына қойылатын біліктілік талаптары, оларды сайлау тәртібі, саны мен сапалық құрамы, өкілеттілік мерзімі және квотаға қатысты тәсілдер сараланды. Отырыста көтерілген бастамалар егжей-тегжейлі қаралып, жүйеленеді. Парламенттік реформаны өткізу жөніндегі негізгі тәсілдерді қалыптастыру ісі Жұмыс тобының алдағы отырыстарында жалғасатын болады. Әзірге ұсыныстар үш топқа бөлініп, қарастырылады.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

15 қарашаға дейін белгіленген мерзім ішінде жұмыс тобының мүшелері және 6 партия атынан Парламенттік реформа мәселесі бойынша арнайы ұсыныстар келіп түсті. Біз бүкіл келіп түскен ұсыныстарды 3 топқа бөлдік. Бұл біріншіден саяси партиялардың ұсыныстарын бөлек шығардық. Жұмыс тобының мүшелерінен келіп түскен ұсыныстарды бөлек жинақтадық. Е-өтініш, егов платформасы арқылы келген басқада азаматтардың жекелеген қоғам қайраткерлерінің атынан келіп түскен ұсыныстарды бөлек жинақтадық. Мемлекет басшысы жұмыс тобы аясында жинақталған бастамаларды жан-жақты қарастыруды және Парламенттік жүйені жаңғыртуға қатысты ұсынымдар әзірлеуді тапсырды. Бұл жұмыс тобының басты міндеті.