Ақтөбеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі» атты республикалық форум өтті

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2025

Адалдықты ту еткен жас буын- ел болашағының кепілі. Ақтөбеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі» атты республикалық форум өтті. Жас көшбасшылар бір алаңда бас қосты. 

Бұл - еліміздің әр аймағынан келген жастарға тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін республикалық жоба. Жастар халықаралық трендтерге негізделген арнайы тренингтерге қатысты. Мұндай кездесулер ой-өрісті кеңейтіп қана қоймай, қоғамдағы белсенділікті арттырады дейді олар.

БАУЫРЖАН ЗӘКИ, БҚО ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Кез-келген қарапайым азаматқа, оның ішінде ауылдың жастарына және де қаланың белсенділеріне үйрету. Неге десеңіз қоғамдық бақылау егер халық болып жасайтын болсақ-бұл коррупцияның нағыз профилактикасы болып жақсы жасалынады.

Форум барысында аймақ өкілдері қоғамда әділдік пен жауапкершілікті қалыптастырудың маңызын атап өтті. Ал прокурорлар заңдылықты сақтау- әр азаматтың міндеті екенін еске салды. Жастардың да айтары бар.Форумға қатысқан студенттердің пікірінше адалдық тәрбиеден басталады.

АЛДИЯР БАЯН, СТУДЕНТ:

Сыбайлас жемқорлықтың біз қалай алдын алу шарасын, қалай оның өтуін, қалай болатынын ескере  отыра, біз жастар адалдықты алдымызға қойып, оны жан-жағымызға насихаттауға міндеттіміз Біз қазақ елі сыбайлас жемқорлыққа, яғни коррупция десек те болады , соның алдын алу үшін осындай форумдардың өтуі жақсы деп ойлаймын.

Шараға қатысушылар  волонтерлік қозғалыстың, азаматтық бастамалардың және медиацияның жемқорлыққа қарсы мәдениетке әсерін кеңінен талқылады. Белсенді жастарға арнайы марапаттар табысталды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.