Астанада жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны азаяр емес. №13 емханаға күн сайын 120-ға дейін науқас келеді. Оның басым бөлігі – мектепке дейінгі бала.
Емханада фильтр кабинет демалыссыз жұмыс істейді. Жедел респираторлық вирустық инфекция, тұмау, пневмания және басқа да жұқпалы ауру белгілері бар адамдарға дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
ДАРХАН ҚҰЛМАХАН, №13 ЕМХАНА ФЕЛЬДШЕРІ:
Көбінесе бізде балалар ауруы жиі кездесіп жатыр. Әсіресе балалар арасында болатын вирустық аурулар. Яғни грипп, гонконг түрінде кездесіп жатыр.
Дәрігерлер тұрғындарға ауруды өз бетінше емдемей, алғашқы белгілер байқалғанда бірден маманға жүгінуге кеңес береді.
НАРГИЗ ТОҚСЕЙІТОВА, №13 ЕМХАНА КООРДИНАТОРЫ:
Көбіне ата-аналар көршіден, біреуден естіп өздігінен грипқа қарсы препараттарды тағайындап, бізден сұрап жатады. ЖРВИ-ден басқада рено, адено вирустарда кездесіп жатады.
Қабылдауға жүкті әйелдер де жиі келетін көрінеді.
ГҮЛМАЙРА БАЛТАБЕК, №13 ЕМХАНА АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГЫ:
Барлық жүкті әйелдерге екінші және үшінші триместрде тұмауға қарсы вакцина ұсынылады. Біз бұл вакцинаны жүктіліктің 14 аптасынан бастап ұсынамыз. Егер әйел келісіп, вакцина алса, ауру жеңіл түрде өтеді.
Мамандар вирустың таралуын тежеудің ең тиімді жолы – вакцина дейді. Сондай-ақ, аурудан қорғану шараларын сақтау керек. Адам көп жиналатын орындарда маска кию қажет.