Астанадағы келешек мектептерінің бірінде ерекше мұражай ашылды

Астанадағы келешек мектептерінің бірінде «Ustaz Space» атты ерекше мұражай ашылды. Бұл музейде қазақтың ұлы ағартушылары - Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев сияқты тұлғалардың өмірі мен еңбектері көрсетілген. Сондай-ақ, Еңбек Ері атанған белгілі мұғалімдердің жетістіктері де жеке бұрышқа ілінген.

ДАНАРА ЖОМАРТОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Кәсіби подкасттар түсіруге арналған, теле сабақтар түсіруге арналған арнайы бұрышымыз да орын алған. Бүгінгі күні бұл қазіргі заман талабына сай, жасанды интеллект, қазіргі цифрлық білім беру саласымен де кіріктіріліп, арнайы осы ЖИ бойынша арнайы гидіміз, көмекші құралдарымыз ассистенттеріміз орын алған, заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған.

Сонымен қатар, «Келешек мектеп» жобасы бойынша жасалған жаңалықтар мен нәтижелерді де осы жерден көруге болады. Музейдегі антиквариаттық ұстаз үстелі бұрынғы мұғалімдердің қалай жұмыс істегенін еске салып, ерекше әсер береді. Жалпы, «Ustaz Space» музейі ұстаздарға шабыт сыйлап, жас мұғалімдерге үлгі болатын ортаға айналуда.