Қызылордалық студенттерге оқу-тәжірибелік кездесу ұйымдастырылды

Қызылордада Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледж студенттерімен оқу-тәжірибелік кездесу ұйымдастырылды. Онда жастар аймақтағы экологиялық ахуал, табиғи ресурстарды тиімді пайлану қоқыстарды қайта өңдеу туралы ақпараттық дәріс тыңдады. Сонымен қатар мамандар экологиялық мониторинг жүргізу әдістерін көрсетіп, бірлесе тәжірибелік тапсырмалар орындады. Бұл «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілді. «Студенттер мұндай шаралардан өзге тазалық жұмыстарына  да белсенді қатысада» дейді ұйымдастырушылар.

АНАР ШАЛИМОВА, И.ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

Оқу жылының басынан бері апта сайын сенбілікке шығамыз. Ауламызды, қоршаған ортамызды тазалаймыз. Экологиялық мәдениетті солай қалыптастыруға студенттерімізді шақырамыз. Бұл «ТҚ» акциясы ұрпақты саналы түрде тәрбиелейді.