428 боксшы бақ сынасады
Бокстан 3-13 желтоқсан күндері аралығында Дубайда (БАӘ) өтетін IBA ұйымының ерлер арасындағы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Жаһандық додада Қазақстан құрамасы барлық 13 салмақта да өкілдерін қосты.
48 келі. 22 боксшы
Теміртас Жүсіпов 1/8 финалда Гаурав Соланки (Үндістан) - Али Нгванда (Танзания) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Финалға дейін ең қиын қарсылас жартылай финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері Эдмонд Худоян (Ресей) болуы мүмкін.
51 келі. 27 боксшы
1/16 финал
Даниал Сәбит - Майна (Кения)
Ширек финалда Париж Олимпиадасының 1/4 финалисі Патрик Чиниембамен (Замбия) жұдырықтасуы мүмкін.
54 келі. 34 боксшы
1/16 финал
Сәкен Бибосынов - Кеорапетц (Ботсвана)
57 келі. 33 боксшы
Оразбек Асылқұлов 1/16 финалда Джозеф Кваджо (Фиджи) - Сачес Да Силва (Кабо-Верде) жүбының жеңімпазымен кездеседі.
60 келі. 42 боксшы
1/16 финал
Серік Теміржанов - Эрдэнэбатын Цэндбаатар (әлем чемпионатының қола жүлдегері, Моңғолия)
63,5 келі. 38 боксшы
Ертуған Зейнуллинов 1/16 финалда Мичелл Лидерман (Аустралия) - Даваадалай Алтангерел (Моңғолия) жұбының жеңімпазымен жолығады.
67 келі. 38 боксшы
1/16 финал
Санатәлі Төлтаев - Гералд Кабинда (Замбия)
1/8 финалда Бразлия өкілімен және ширек финалда Олимпиада чемпионы Асахуджа Муйдинхуджаевпен айқасуы ықтимал.
71 келі. 36 боксшы
Абылайхан Жүсіпов 1/16 финалда Артём Арутюнян (Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Армения) - Цаесар (Индонезия) жұбының қай жеңгенімен шығады.
75 келі. 42 боксшы
Сабыржан Аққалықов 1/16 финалда Касилилика (Танзания) - Коусин (Сейшель аралы) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
80 келі. 39 боксшы
1/16 финал
Ерасыл Жақпеков - Зоуграна (Бурунди)
86 келі. 26 боксшы
1/16 финал
Дәулет Төлемісов - Батагело Соуза Рамон (Бразилия)
1/8 финалда әлем чемпионы Акмалжон Исроилов және 1/4 финалда әлем чемпионы Шарапутдин Атаевпен (Ресей) жолығуы мүмкін.
92 келі. 27 боксшы
1/16 финал
Нурмагамед Юсупов - Жафоев (Тәжікстан)
1/8 финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Энмануэль Рейеспен (Испания) жолығуы мүмкін.
+92 келі. 27 боксшы
Нұрлан Сапарбай 1/8 финалда Иман Рамезанпоур Делвар (IBA, Иран) - Eсмаели Вандаеж (Иран) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
1/4 финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Давид Чалоянмен жолығуы мүмкін.
Айта кетейік, биылғы додаға 108 елден 428 боксшы тіркелді.