Қарағанды облысында инкассатор көлігі өртеніп, жүргізуші қаза тапты

фото: видеодан скрин

Инкассатор көлігі апатқа ұшырап, бір адам қаза болды, бірнеше млн тг өртеніп кетті

Қарағанды облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, алдын ала дерек бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шыққан. Қатты соқтығыс салдарынан инкассатор көлігі толығымен өртеніп, ішінде болған 3 млн теңгеден астам ақша да жанып кеткен.

Апаттан Lada-ның 36 жастағы жолаушысы мен Toyota-ның 41 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.