Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады
Синоптиктер болжамынша, ел аумағында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Елдің солтүстігі, шығысы және орталығында бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
Батыста ғана жауын-шашын болмайды.
Кейбір өңірлерде қазір қар жауып жатыр, бірақ ол тез еріп кетеді. Қардың қатты жаууы 6 желтоқсаннан басталады деп болжануда.
Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында және Алматы облысының таулы өңірлерінде 8–9 желтоқсанда қалың қар жаууы мүмкін.